Үржарда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үржарда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды

Үржарда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында қатты аязға байланысты аудан орталығындағы мектептерде бірінші ауысымның 1-9-сыныптарында сабақ болған жоқ.

  • 13 Қараша 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» сақырлаған аяз ертең де сақталатынын болжап отыр.

«Қазгидромет» маманы Василий Деканскийдің айтуынша, 12 қараша ауданда аяз күшейіп, түнде ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендеген.

«Ауа температурасы бүгін, қарашаның 13-інде жергілікті сағат 07.00-де 27,7 градус суықты көрсетті. Осыған байланысты сабақтың болмайтыны жөнінде ескерту жасалды»,-дейді метеоролог Василий Деканский.

Айта кетейік, ауданда соңғы күндері күн қатты суытып кетті. Ертең де аяз болады, шамамен 27 градусқа дейін суытады деп болжанған.


 

Соңғы жаңалықтар