Австрияда шығатын дәріні зерттеген ұлттық сараптама орталығы ешқандай кінәрат таппаған. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі тыйым салуға еш негіз жоқтығын айтады. Естеріңізге сала кетелік, Ақтөбедегі емханалардың бірінде «Актовегин» тамшысымен егілген соң үш зейнеткер қайтыс болған еді. Тағы бір науқас ауыр халде облыстық ауруханаға түскен. Енді дәрінің сапасынан мін таба алмаған соң, науқастардың неден өлгені жұмбақ болып қалды.