«Үш ай бойы жүрген»: Хирургтар операциядан соң науқастың ішінде қайшы ұмытып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Үш ай бойы жүрген»: Хирургтар операциядан соң науқастың ішінде қайшы ұмытып кеткен

«Үш ай бойы жүрген»: Хирургтар операциядан соң науқастың ішінде қайшы ұмытып кеткен

Грузия тұрғыны хирургтың қателігінен үш ай бойы іш қуысындағы қайшымен жүрген.

  • 22 Қаңтар 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Имеди сайтының мәліметінше, оқиға Тбилисидің Мардалеишвили медицина орталығында болған. Операциядан кейін қыз қатты ауырып тұрғанын айтып шағымданған.

Алайда науқас неліктен үш ай бойы ауырсынуға шыдағаны белгісіз. Рентген арқылы тексеріс кезінде оның іш қуысынан хирургиялық қайшылар табылған. Шұғыл операция жасалып, хирургтар керексіз затты алып тастады.

Клиника басшылығы науқастан кешірім сұрады. Сонымен қатар үш ай бұрын операция жасаған хирургты ғана емес, операцияға қатысқан барлық медициналық қызметкерлерді жазалауға уәде берді.