"Үш апта бойы ауыз ашпады". Мәжілісте БЖЗҚ басшысы сынның астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш апта бойы ауыз ашпады". Мәжілісте БЖЗҚ басшысы сынның астында қалды

"Үш апта бойы ауыз ашпады". Мәжілісте БЖЗҚ басшысы сынның астында қалды

Мәжілісте Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысына жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа жедел түсіндірмегені үшін сөгіс жарияланды.

  • 15 Желтоқсан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды

Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша түзетулерді талқылау барысында БЖЗҚ басшысына отырыс тақырыбы бойынша сұраққа жауап беру ұсынылды, бірақ Жанат Құрмановтың жауабы депутаттарды қанағаттандырмады.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин зейнетақы қорының басшысына сұрақтарға жауап беруге тыңғылықты дайындалу керек екенін айтты.


"Үш апта бойы ауыз ашпай, жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа түсіндіре алмағаныңыз енді түсінікті болды. Жанат Бостанұлы, мұнда келгенде, дайындалу керек. Түсіндіңіз бе?" — деді ол.