Үш облыс аумағындағы жолдарда қозғалыс қиындады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш облыс аумағындағы жолдарда қозғалыс қиындады

Үш облыс аумағындағы жолдарда қозғалыс қиындады

Ақтөбе облысы аумағындағы боранға байланысты бірқатар жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 5 Ақпан 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, кеше кешқұрым «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орск)» жолының 70-135 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жолдарда шектеу енгізілді.

Бұдан бөлек, «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орынбор)» жолының 7-99 шақырымындағы Ақтөбе мен Ресей шекарасы аралығында жол жабық.

Сонымен қатар кеше 21:50 кезінде «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-258 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

Ал бүгін боран салдарынан «Ақтөбе-Астрахан» жолының 96-330 шақырымындағы Қандыағаш мен Атырау облысы шекарасы аралығында, Ақтөбенің солтүстік айналма жолының 0-39 шақырымы учаскесінде жол жабылды. Ал «Самара-Шымкент» автожолының 763-965 шақырымында жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.

Мұнымен қоса Қостанай облысы аумағындағы «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-377 шақырымындағы Қарағанды облысы мен Ақмола облысы аралығында жол жабық.


«Ақмола облысында «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-536 шақырымындағы Есіл мен Қостанай облысы аралығында қозғалыс шектелді»,-делінген «Қазақавтожол» мәліметінде.