Үш педофилге химиялық кастрация жасау туралы үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш педофилге химиялық кастрация жасау туралы үкім шықты

Үш педофилге химиялық кастрация жасау туралы үкім шықты

Қазақстанда судьялар үш адамға қатысты химиялық кастрация қолдану үкімін шығарды.

  • 14 Желтоқсан 2018
  • 68
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ресми сауалға жауап берді деп жазады Tengrinews.kz

Ведомстводағылардың айтуынша, 2018 жылы осы адамдарға қатысты химиялық кастрация негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолдану тағайындалу туралы айыптау үкімі шығып, енді заңды күшіне енді. 

Ер адамдар Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында сотталған.  Шығыс Қазақстан облысында 63 жастағы ер адам көрінеу жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері және жас балаларды зорлау, сондай-ақ жас балаларды азғындық жолға түсіру баптары бойынша сотталған. 

Қызылорда облысында ер адам қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу және жас балаларды зорлауға оқталу бабы бойынша сотталған. Ол ұсталған уақытта жасы 32-де болған. 


Қарағанды облысында ер адам көрінеу жас баланы зорлағаны үшін және көрінеу жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері үшін сотталған. Ол қылмыс жасағанда жасы 29-да болған. 

Химиялық кастрация – бұл жыныстық әуестікті бәсеңдету мақсатында қолданылатын препараттар. Бұл шара кәмелет жасына толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түсу қылмыстық құқық бұзушылыққа барған 18 жастан асқан адамдарға қолданылады. 

Соңғы жаңалықтар