Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Дәуренбек Галин, сол бөлімнің жедел уәкілі Владимир Савенко және учаскелік полиция инспекторы Азамат Сахин ұсталған азаматтан ұрлығын мойындату үшін күш қолданып, психикалық қысым көрсеткен. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Татьяна Лапикова мәлімдеді.
Сот оларды кінәлі деп танып Д.Галинді екі жарым жылға, В.Савенко мен А.Сахинді екі жылға бас бостандығын айырды.
Үкім заңды күшіне енбеген.