Үш қазақстандыққа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш қазақстандыққа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Үш қазақстандыққа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. 

  • 15 Желтоқсан 2017
  • 218
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Казинформ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:

Есімов Ахметжан Смағұлұлы — «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;

Қуатов Руслан Тұржанұлы — «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;


Үшкемпіров Жақсылық — «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының   Президенті   Н. Назарбаев    

Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан   

 

Соңғы жаңалықтар