Анасының дәл осы сөздерінен кейін басты кейіпкердің өмірі түбегейлі өзгереді. Талайдың арманы болған лайнерге отырып ешкім аяқ баспаған аралға түседі. Жанашырының тілегені де сол еді. Бірақ, барлығы Романның өзі жоспарлағанындай болмады.
— Мына қыздар қазір мені талап тастайды. Кеме қайда?
«Комеди клаб» арқылы танылған актер Роман Юнусов бұл жолы да дес бермеді. Әдеттегідей әзілі жарасқан асаба кезекті образын жоғарғы деңгейде сомдап шықты.
Осылайша тосыннан кейіпкеріміз шарасыз жағдайын айласымен асырмақ болады. Үш айдай сұлу бикеш, жаздың ыстық маусымы, арал. Десе де, арулармен жапанда жалғыз қалғанын әрі құтқаруға ешкімнің келмесін түсінген жігіт барлығын өзі күреседі.
Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері :
— Бұл «Инджой Муви» компаниясының шеберлері әзірлеген кезекті туындысы. Естеріңізде болса, бұған дейін түсірген «Ана» картинасымен есте қалды. Ал бұл комедия: «егерде мен осы жағдайға тап болсам, қайтер едім?» деген сұрақ туындататын секілді. Көрерменге ұнауы тиіс.
— Қызықты әрі күлкілі комедия бүгіннен бастап еліміздің барлық барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.
— Қазақтар, Жаңа жылдарыңызбен! Мол бақыт тілеймін. 5 желтоқсанда жүздесеміз!