БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жұмыс беруші штатты қысқартқан кезде Еңбек кодексінің 147-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы талаптарын бұзып, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға мәлімет бермеген. Сонымен қатар еңбек шартын бұзғанда Еңбек кодексінің 56-бабы 5-тармағына сәйкес қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру шарасын алмаған.
Прокурордың наразылығына сәйкес үш қызметкер жұмысқа қайта қабылданды. Оларды жұмыстан босату жөніндегі бұйрықтар заңсыз деп танылды.
М.Ермекбаев «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңы 12-бабы 1-тармағы 12-тармақшасына сәйкес құқығы мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда жеке тұлғаларға көрінеу кедергі жасағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.