Үшем күткен әйел төрт нәрестені дүниеге әкелген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үшем күткен әйел төрт нәрестені дүниеге әкелген

Үшем күткен әйел төрт нәрестені дүниеге әкелген

Дәрігерлер 3 бала туады деп жоспарлаған АҚШ-тың Миссисипи штатының тұрғыны дүниеге 4 нәресте әкелген. Бұған перзентхана қызметкерлері таңданып отыр, деп хабарлайды 24.

  • 19 Ақпан 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

Ақ халаттылардың айтуынша, жүкті ана қаралған кезде тек 3 бала байқалған. Ал төртінші перзенттің көптеген аппараттармен тексерулер кезінде көрінбей, көзден қалайша таса қалғанын мамандар түсіндіре алмай отыр. Олар мұндай жағдайдың өте сирек, шамамен 729 мың оқиғаның тек біреуінде кездесетінін айтады.


Тағы бір ерекшелігі — төрт бөбектің бір аналық жасушадан пайда болуы. Яғни, өскен кезде қыздар бір-бірінен аумайтын болады. Қазір сәбилер аман-есен.