Үштілді білім беру бағдарламасы тоқтатылмайды - ҚР БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үштілді білім беру бағдарламасы тоқтатылмайды - ҚР БҒМ

Үштілді білім беру бағдарламасы тоқтатылмайды - ҚР БҒМ

Фото - Caravan.kz

"Біз Мемлекет басшысынан тоқтатуға қатысты ешқандай тапсырма алған жоқпыз, ешқандай ресми құжат та жоқ. Сондықтан, 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстары одан әрі де жалғаса беретін болады. Оның қатарында үштілді білім беру жүйесіне өту жұмыстары да кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ", — деп атап өтті ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров.

Айта кетейік, соңғы бірер күннен бері әлеуметтік желілерде аталған бағдарламаны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі уақытша тоқтатып тастады деген ақпарат желдей есіп жүр. Мұны жазба авторлары Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасай хабарлаған. Мұхамедиұлы болса бүгін Астанадағы есеп беру жиынында өзінің осы айтқанын жоққа шығарған жоқ.


"Ақордада өткен жиында Президент реформаларға қатысты пікірін білдірген болатын. Елбасы оқу жылын ұзарту, үштілді білім беру жүйесіне көшу сынды реформаларға мұқият мән беріп, оны Тамыз конференциясында талқылауды тапсырған", — деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.