Жарияланды: 460

Үстіміздегі жылдың соңына дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға арнаған қаржылық қоржыны 1,5 млрд. евроны құрайды

Үстіміздегі жылдың соңына дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға арнаған қаржылық қоржыны 1,5 млрд. евроны құрайды. Бұл туралы бүгін, 6-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президентінің орынбасары Девид Хекстер хабарлады.

Оның айтуынша, банктің Қазақстан экономикасына арнаған жалпы инвестициясының көлемі тек биылғы жылы 450 млн. евроны құрайды. Бұл инвестициялар телекоммуникация, энергетика, ауылшаруашылығы, банк саласы және шағын бизнеске арналғалы отыр. Алдағы 3-4 жылда Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізге жыл сайын 400-500 млн. евро көлемінде инвестиция салуды межелеп отыр. "Оған себеп, Қазақстан- біз жұмыс істейтін ең маңызды елдердің бірі",- деді Д.Хекстер. "Экономика дамыған сайын мұндай қаржының қажеттігі арта түседі",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін