Ұялы телефондар теріге қауіпті деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұялы телефондар теріге қауіпті деп танылды

Ұялы телефондар теріге қауіпті деп танылды

Ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізіп, адамның терісіне барынша қауіпті заттарды анықтады. Олар ұялы телефондар және жарық түсіруі ультракүлгін сәулелерге теңелетін энергия үнемдейтін шамдар, деп хабарлайды Росбалт.

  • 16 Желтоқсан 2013
  • 409
Фото - Caravan.kz


Өз денсаулығына қатты алаңдайтын адамдарға зерттеушілер шамдардан қорғану үшін ультракүлгін сәулелерден сақтайтын арнайы экран қоюға кеңес береді.

Ұялы аппараттарға келер болсақ, олар тіпті күрделі. Бірқатар зерттеулер қазіргі уақытта әлемде тері ауруларымен ауыратын адамдар саны үздіксіз өзіп келе жатқандығын көрсетті. Көптеген адамдар телефонмен сағаттап сөйлеседі, тіпті, "телефон дерматиті" деп аталатын ауруға шалдығуы мүмкін екенін ойламайды да.