Жеңіл-желпі киіммен қара суықта қалған қария бірден құтқарушыларды шақырыпты. Баласының ерсі қылығын ұмытқан ол, «ұлы өзіне қол жұмсай ма?» деп қауіптенген екен. Есікті іштен жауып алған мас азамат, құтқарушыларды терезе арқылы кіруге мәжбүрледі. Мамандар пәтерге енген кезде елудің екеуіне келген есерсоқ ішімдіктің буымен еденде ұйықтап кетіпті. Құтқарушылар тоңып қалған кейуананы үйге кіргізіп, туғанымен татуластырып қайтты.