Жарияланды: 520

«Үздік мемлекеттік қызметші» наградасы енгізілмек

Үздік мемлекеттік қызметші» наградасын енгізу туралы Елбасы Жарлығының жобасы әзірленуде.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты баяндаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Әлихан Бәйменов осылай мәлім етті. «Заң жобасы аясында біз ынталандыру нормаларын одан сайын жетілдіріп отырмыз. Мәселен, мемлекеттік қызметші ведомстволық наградамен және басқа да ынталандырудың түрлерімен марапатталуы қамтамасыз етілуі тиіс деген ұсыныс енгізудеміз. Осыған орай, біз бүгінгі күні Мемлекет басшысы Жарлығының жобасын әзірледік. Ол бойынша ведомстволық «Үздік мемлекеттік қызметші» наградасы енгізілетін болады», - дейді агенттік төрағасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін