Жарияланды: 390

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының кеңесі Грузияны осетин халқына қатысты геноциді үшін айыптады

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының кеңесі Грузияны осетин халқына қатысты геноциді үшін айыптай отырып, Тбилисидің Оңтүстік Осетиядағы әскери іс-қимылдары шиеленіске қатысушы тараптардың арасында болуы мүмкін саяси диалогты үзді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының кеңесі 13 тамызда таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап.

"Аумақтық тұтастықты қалпына келтіру деген желеумен Грузия іс жүзінде осетин халқына қатысты геноцидті жүзеге асырды. Бұның бәрі гуманитарлық апатқа алып келді. Тараптардың арасында болады деп күтілген саяси диалогты құрдымға кетірген Тбилисидің әскери іс-қимылы шиеленісті бейбіт жолмен шешу перспективасын күйретті", - делінген мәлімдемеде. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясының кеңесінің мүшелерінің мәлімдеуінше, Ресейдің өз армиясын танылмаған республиканың аумағына енгізуі бейбіт халық пен Ресейдің бітімгершілік күштерін қорғауға бағытталған "шұғыл шара" болмақ. "Кейінгі уақытта Грузияның басшылығы жүргізіп келген саясат ТМД-ға мүше мемлекеттердің басым бөлігінің пікірі мен ұстанымына қайшы болып келді", -делінген мәлімдемеде. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің парламенттерінің өкілдері Грузия басшылығын Оңтүстік Осетияда қандай да бір әскери іс-қимылды жүзеге асыру жоспарынан бас тартуға шақырды. 1992 жылдың мамыр айында құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мүше. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть