Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қазан айының басында Душанбеде өтеді - Сыртқы істер министрлігінің өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қазан айының басында Душанбеде өтеді - Сыртқы істер министрлігінің өкілі

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қазан айының басында Душанбеде өтеді - Сыртқы істер министрлігінің өкілі

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің кезекті отырысы 4 - 5 қазан күндері Душанбеде өтеді. Бұл жөнінде кеше тілшілерге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады.

  • 3 Қазан 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, дәл осы күндері Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.

«Аталмыш кездесулер барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімнің 15 жылдығына байланысты Ұйымға мүше мемлекеттердің Декларациясы, бітімгершілік, әскери, әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық қызметінің мәселелері, сондай-ақ, ұйымдастырушылық сипаттағы көптеген мәселелер қарастырылатын болады», — деп түсіндірді дипломат.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті