Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше елдердегі арнайы іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі  келісім-шарты  ұйымына мүше елдердегі арнайы іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше елдердегі арнайы іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. МӘСКЕУ. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының "Арна-2007" атты жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне ұйымның баспасөз қызметінен.

  • 4 Қыркүйек 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Іс-шара нәтижесінде 9,7 тонна есірткі, соның ішінде 4,3 тонна апиын және 4,3 тонна марихуана тәркіленді. Заңсыз айналымнан 700-ге жуық қару тәркіленді»,- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Арна-2007» іс-шарасының бірінші кезеңі 28-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттер аумағында: Армания, Беларусь , Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың контрабандалық әкеліну және әкетілуінің заңсыз арналарын анықтап жою мақсатында жүргізілді.

Іс-шараның бірінші кезеңінің барысын Латвияның, Литваның, Польшаның, Эстонияның, Украина мен Әзербайжанның, Қытай және Монғолия, Ауғанстан, Иран және АҚШ арнаулы қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ Интерпол қызметкерлері бақылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Арна» іс-шарасы 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.