Вакцина алмаған Алматы тұрғындарына жұмыс күндері сауда орталықтарына кіруге рұқсат берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакцина алмаған Алматы тұрғындарына жұмыс күндері сауда орталықтарына кіруге рұқсат берілді

Вакцина алмаған Алматы тұрғындарына жұмыс күндері сауда орталықтарына кіруге рұқсат берілді

"Ashyq" жобасында "көк" деңгейге ие тұрғындар жұмыс күндері де сауда орталықтарына бара алады.

  • 9 Қараша 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы бас санитар дәрігерінің орынбасары Садуақас Байғабыл мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында жаңа карантин шаралары енгізілген болатын. Ол бойынша сауда орталықтарына жұмыс және демалыс күндері тек "жасыл" деңгейі бар тұрғындар ғана кіре алады.

Байғабыловтың мәлімдеуінше, Алматыда екпе алмағандарға қатысты ережеге өзгеріс енгізу мәселесі туындамаған.

Ал "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы астана әкімдігінің бұл бастамасын қолдамайтынын мәлімдеген. Кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Олжас Ордабаев бизнестің локдауннан кейін әлі аяқтанбағанын айтып өтті. Күнделікті мониторинг нәтижесіне сәйкес, сауда орталықтарына баратын азаматтардың тек 23%-да "көк" деңгей болған.


 

Соңғы жаңалықтар