Вакцина алмағандар жұмыстан өтемақысыз шеттетіледі,- Еңбек инспекторы - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакцина алмағандар жұмыстан өтемақысыз шеттетіледі,- Еңбек инспекторы

Вакцина алмағандар жұмыстан өтемақысыз шеттетіледі,- Еңбек инспекторы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың айтуы бойынша, жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады.

  • 22 Қазан 2021
  • 81
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Bugin.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбек инспекторының пікірінше, бұл – республикалық проблема.

«Вакцинация — қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып отыр. Бізге өте көп сауалдар келіп түседі. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Дүйсенбіден бері ол норма күшіне енген болатын. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. Міндетті вакцина алмаған адамдар ПТР тестіден өтуі керек», — деп түсіндірді Төлеген Оспанқұлов.

«Еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінгі таңда жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. COVID-19-бен ауырған адамды жұмысқа жібермеу керектігі туралы тікелей норма болмағанымен, Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни, Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50 пайызын немесе ең төменгі ебекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін», — деді маман.

Соңғы жаңалықтар