Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Қазақстандағы вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі.

  • 2 Шiлде 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шекарадан өтерде, мысалы Қырғызстанмен шекарада көптеген адамдар вакциналау паспортын көрсетеді және олардан QR-код талап етіледі. Сол арқылы адамның вакцина алған-алмағанын тексеруге болады. Қазақстанның вакциналау паспортында мұндай код жоқ. Оны енгізу жоспарда бар ма?", – деп сұрақ қойды журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министр Әсет Тұрысов eGov mobile-да QR-код әзірленіп жатқанын және вакциналау паспортына енгізілетінін айтты.


"Сонымен қатар вакциналау паспорттарының қағаз нұсқаларында QR-код бар. Сондықтан шетелге шығарда шекарада қиындықтарға тап болмау үшін қағаз нұсқасын алуға болады. EGov mobile-ға келсек, енгізу жұмыстары жүріп жатыр", – деп атап өтті Әсет Тұрысов.