Валют-Транзит Банкінің экс-президентіне 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Валют-Транзит Банкінің экс-президентіне 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Валют-Транзит Банкінің экс-президентіне 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Таратылып жатқан Валют-Транзит Банкінің бұрынғы президентіАйтбақы Біләлов (Андрей Беляевретінде танымал)мүлкін тәркілеумен, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 24 Маусым 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Сот А. Біләловты оған тағылған қылмыстардың барлығы бойынша кінәсі дәлелденді деп тапты. «Жазаның жиынтығы бойынша А. Біләлов мүлкін тәркілеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, 530 АЕК (1АЕК=Т1512)көлемінде айыппұл төлесін.

Бұдан басқа, А. Біләлов 3 жыл бойы банк қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Жаза жалпы тәртіптегі колонияда өтеледі», — деп мәлім етті жұма күні Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының судьясы Айгүл Смаилова үкімді жариялау барысында.

Сот мерзімі өтіп кеткендіктен, А. Біләловты ҚР ҚК 324 «құжаттарды ұрлау немесе бүлдіру» және 325 «құжаттарды қолдан жасау немесе жалған құжаттарды жасау немесе сату» баптары бойынша жауапкершіліктен босатты.

Сонымен бірге, сот бұрын өтеген жазаның мерзімін ескеруді (4,5 жыл — ҚазТАГ) қаулы етті. Сот таратушы комиссияға қатысты Т30 млрд-тан астам соманың шығынын өтеу туралы азаматтық арызды қанағаттандырды.

Бұдан басқа, сот қаулысына сәйкес, А. Біләлов мемлекетке іс бойынша сараптамаларды өткізуге жұмсалған Т4 млн-нан аса қаржының орнын толтыруға тиіс.

Сотталушы да, оның адвокаты да сот үкімімен келіспей отыр.

«Біз аппеляциялық арыз беретініміз сөзсіз. Мен А. Біләлов ақталуы тиіс екеніне мүлтіксіз сенімдімін», — деді журналистерге адвокат Серік Алпысов.

Бұрын хабарланғандай, айыптаушы жақ А. Біләловты мүлкін тәркілеумен, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен, 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеумен және 3 жыл бойы банктік қызметпен айналысу құқығынан айырумен 8,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Соттың ақпаратына сәйкес, сот талқылауы барысынжа 156 негізгі куәгерден жауап алынды. Сондай-ақ, қорғау жағының өтініші бойынша, 12 қосымша куәгерден, 4 құпия куәгерден, 1 сарапшы мен 1 маманнан жауап алынды. 42 куәгердің куәлік етулері жарияланды.

Еске сала кетейік, сотталған А. Біләловқа қатысты кезекті қылмыстық істі прокуратура қозғап отыр. Таратылып жатқан «Валют-Транзит Банктің» экс-президентіне ҚР ҚК 8 бабы бойынша айып тағылды: алаяқтық, жалған кәсіпкерлік, банктің қаржысын заңсыз пайдалану, қызметін теріс мақсатта пайдалану, қылмыстық топ құру және басқару, ресми құжаттарды қолдан жасау.Тергеу болжамына сәйкес, А. Біләлов басқарған қылмыстық топ Т30 млрд көлеміндегі ақшаны банктен шығарып, иеленген, осылайша банкке және оның салымшыларына ірі көлемде залал келтірген.

Бұл іс бойынша сот талқылауы 2010 жылдың 28 қырқүйегінде басталды.

Сондай-ақ, 2008 жылы А. Біләлов «Валют-Транзит банктің» басшысы болғанда жасаған қаржылық қылмыстары үшін 3,5 жылға сотталған болатын.Жазаның мерзімі 2010 жылдың тамызында аяқталды. Жаңа қылмыстық іс қозғалғандықтан, А. Біләлов бостандыққа шыға алмады.

Қарағандының ауданаралық экономикалық соты «Валют-Транзит Банк»АҚ-ын мәжбүрлі түрде тарату туралы шешімді 2007 жылдың ақпан айында қабылдаған. Тарату шарасы 2007 жылдың наурызында басталды. Құлдырау сәтінде банктің жеке және заңды тұлғаларға қарызы Т50 млрд-қа жуық болған. Соның ішінде салымшыларға Т8 млрд қайтару қажет. Қазіргі уақытта депозиттерді кепілдендіру қорымен бірлесіп үшінші кезекпен есеп айырысу жүріп жатыр. Таратушы комиссия төртінші кезекте тұрған салымшыларға қаржысын қайтару шарасын әлі бастаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар