"Валют-Транзит Банктің" бұрынғы президенті Андрей Біләлов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Валют-Транзит Банктің" бұрынғы президенті Андрей Біләлов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды

"Валют-Транзит Банктің" бұрынғы президенті Андрей Біләлов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Қарағанды. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандының аудандық соты "Валют-Транзит Банктің" бұрынғы президенті Андрей Біләлов үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Оның дүние-мүлкі тәркіленеді, мемлекет пайдасына 300 АЕК көлеміндегі айыппұл төлейді және ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Оған сондай-ақ, бостандыққа шыққаннан кейін үш жыл көлемінде банк қызметімен айналысуға тыйым салынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Маусым 2008
  • 425
Фото - Caravan.kz

Кеше «Валют-Транзит Банктің» ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланған, өкілеттігін асыра пайдаланған, алдау жолымен мүліктік шығын келтірген, заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттарды заңдастырған, сондай-ақ, жалған құжаттар жасаған деп айыпталған банктің бұрынғы президенті Андрей Біләловке және оның алты қызметкеріне қатысты қайта басталған сот процессі аяқталды.

Ғабиден Санаубаров пен Максим Швачкоға жоғарыда аталғанға ұқсас, алайда, әрқайсысына айыппұл көлемі 150 АЕК көлемінде орнатылған жаза тағайындалды. Сот Ботагөз Көпеева, Светлана Панфилова, Лариса Ким мен Светлана Паульді шартты түрде 3,5 жылға бас бостандықтарынан айырып, үш жылға банк қызметімен айналысуға тыйым салды.

Сонымен қатар, сот сотталушылардан банкке келген 6,5 млрд теңге көлеміндегі шығынды өндіріп алуға шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті