Жарияланды: 420

Вашингтондағы Қазақтан елшілігінде «Ислам без вуали: умеренный путь Казахстана» кітабының таныстырылымы өтті

Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалыққа дайындығының аясында Вашингтондағы Қазақтан елшілігінде «Ислам без вуали: умеренный путь Казахстана» кітабының таныстырылымы өтті,

деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен. Бұл жиынға сарапшылар, АҚШ-тың қорғаныс құрылымдарының және дипломатиялық корпустың, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Елші Ерлан Ыдырысов өз сөзінде қазақстандық қоғамда тағаттылықты сақтаудың мәдени-тарихи, ұлысаралық, діни және саяси аспектілеріне тоқталып өтті. Белгілі бір тарихи себептер бойынша Қазақстанда сүнниттік бағыттағы дәстүрлі ислам уағыздалады. Қазақстандағы жетекші ислам ағымы болып табылатын сүнниттік бағытқа барлық конфессияларға деген тағаттылық тән. Қазақтар исламды саясаттандырудан, зайырлы қоғам мен діни элитаны бір-біріне қарсы қоюдан, өзге дін өкілдеріне төзбеушіліктен, діни фанатизмнен іргесін аулақ ұстап келеді. Осынау тарихи алғышарттар, тәуелсіздік жылдары конфессияаралық қарым-қатынастар, саласындағы салмақты мемлекеттік саясатпен бірге, радикализмге деген қоғамдық сананың тұрақты иммунитетін қалыптастырып отыр. Сөз соңында Е.Ыдырысов, Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымының саяси, экономикалық және мәдени модераторы қызметінде ислам қоғамдастығының түйінді мәселелерін шешуге, Ұйымның әлеуетін халықаралық қауіпсіздікті, экономикалық байланыстарды нығайтуға, өркениеттер диалогын дамытуға басымдық беретінін мәлім етті. Кітап авторы - «Вашингтон Пост» газетінің журналисі Клод Салхани.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін