Василий Жиров Астанадағы мешітке келіп айт намазын оқыды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Василий Жиров Астанадағы мешітке келіп айт намазын оқыды

Василий Жиров Астанадағы мешітке келіп айт намазын оқыды

Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпараттар пайда болды. Көптеген желі қолданушылары парақшаларына чемпионмен түскен суреттерін жариялаған.

  • 27 Маусым 2017
  • 3378
Фото - Caravan.kz


Спортшы Қазақстаннан шыққан тұңғыш вэл Баркер кубогының иегері. 1996 жылы олимпиада чемпионы атанған. Кейін кәсіпқой боксқа да ауысып, ел намысын асқақтатты. Шаршы алаңда “Балқаш барысы” деген атпен танымал.

“Кеше ерекше күн, ерекше айт болды! Бәрі әдеттегідей басталған. Бірақ, ең қызығы сол Василий Жиров менімен бір қатарда тұрып, өміріндегі алғашқы намазын оқыды. Әрі тура айт күнінде, Астананың орталық мешітінде. Оны жылы қарсы алған адамдардың барлығына рахмет! Ал намаздан кейін жиырма шақты адам айт мерекесін атап өту үшін үйге жиналдық. Құран оқылып, жақсы сөздер айтылды. Алла біздің жүрегімізді ашып, иман сыйлап, оған деген сенімімізді, махаббатымызды күшейтсін! Барлық қателіктеріміз бен күнәларымызды кешсін”, – деп жазады Рустам Абдусаламов есімді қолданушы Инстаграм парақшасында.

Соңғы жаңалықтар