Ұйым төрағасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі Ұйымдағы Нидерланды өкілі Франс Энгерингтің айтуынша, «құқықтық институттарды құру және тиімді менеджментті қалыптастыру жолымен ғаламдастыру процессімен бетпе-бет келуге дайындалып жатқан елдер ғаламдастырудан артықша пайда табады, соның арқасында кедейлікті жеңіп, теңсіздікті жоя, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады».
Франс Энгерингтің айтуынша, бұл тұрғыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ролі — құқықтық институттарды құру және демократияландыру процесстеріне қолұшын беруге, экономикалық және әлеуметтік ғаламдастыру процессіне атсалысқалы отырған елдерге ашықтық пен адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге саяды.