Вьетнамда қақтығыс салдарынан 2 қытайлық азамат қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вьетнамда қақтығыс салдарынан 2 қытайлық азамат қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті

Вьетнамда қақтығыс салдарынан 2 қытайлық азамат қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті

Вьетнамда қақтығыс барысында ҚХР-дың 100-ден астам азаматы жарақат алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

  • 15 Мамыр 2014
  • 451
Фото - Caravan.kz

Жуырда 20 мыңға жуық демонстранттар Хошими қаласына жақын орналасқан Вьетнам оңтүстігіндегі 15 шетел кәсіпорнын тас-талқан етті.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 600-ден астам бизнесмендер мен туристер шұғыл тәртіпте вьетнам-камбоджий шекарасын кесіп өтіп, Камбоджи аумағында бой тасалады. 

Вьетнамдағы толқу Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Парасельский аралдары ауданында бұрғылау платформасын орнатқан кезден басталды. Мамырдың басында қытайлық  China Oilfield Services компаниясы Сиша (Парасель аралдары) архипелаг акваторийінде бұрғылау-барлау жұмыстарын жүргізе бастаған еді.

Ресми Ханой бұл ауданды өздерінің айрықша экономикалық аймағы санайды, ал Бейжің бұл ҚХР-дың аумақтық суы деп мәлімдеді.