Жарияланды: 340

VI Астана Экономикалық форумы өтетін күн белгілі болды

VI Астана Экономикалық форумы 2013 жылдың 22-24 мамыры аралығында өтетін болады.

Бұл туралы бүгін G-Global коммуникативті алаңы сайтының жаңа нұсқасын таныстыруға арналған «Әлем «G-Global» форматында» тақырыбымен өткен баспасөз мәслихатында «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы атқарушы органының төрағасы Мұрат Кәрімсақов мәлім етті. «Басты ұйымдастырушымен VI Астана Экономикалық форумының жұмыс бағдарламасы іс жүзінде түзілді. Онда экономиканың басты сегменттеріне сәйкес 5 негізгі бағыт қамтылған», - деді ол. Оның атап өтуінше, маңызды бағыттар қатарында қазақстанның инновациялық дамуы, бәсекеге қабілеттілігі, экономикалық өсіммен байланысты әлеуметтік қауіп-қатерлерге қатысты мәселелер бар. Сондай-ақ әлемнің қаржы-экономикалық мәселесіне де барынша көңіл бөлінетін болады. «Дәстүрге сай форум аясында аталған тақырыптарға арналған конференция өтеді. Толықтай алғанда бағдарламада шамамен 36 іс-шара бар», - деді М.Кәрімсақов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін