Вице-премьер байланыс аясынан тыс қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вице-премьер байланыс аясынан тыс қалды

Вице-премьер байланыс аясынан тыс қалды

Бірінші вице-премьер байланыс аясынан тыс қалды! Бақытжан Сағынтаев, байланыс сапасына жауап беруі тиіс министрліктің жылдық есебін тыңдауға келіп, ғаламторға қосыла алған жоқ.

  • 4 Ақпан 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz


Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары:

Мен қазір өзімнің телефонымды тексеріп көрдім. Мына мәжіліс залында не интернет, не 3G жоқ. Бұл дардай министрлік емес пе? Ұялы байланыс үшін тұрғындар ақша төлеп отыр ғой. Сапаға мән беріңдер.

Сын естіген Көлік және коммуникация министрінің жауабы да дайын болып шықты. Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, министрліктер үйі ауданына ақпараттық қауіпсіздік үшін базалық станциялар орнатылмаған. Ұялы байланыстың бірде жоғалып, бірде пайда болуы содан деп ақталды. Ал елімізде байланыстың сапасын жақсарту үшін мың жарымға жуық станция қойылғанымен, ол 17 млн абонентке аздық етіп отыр екен.