Виктор Януковичқа іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Виктор Януковичқа іздеу жарияланды

Виктор Януковичқа іздеу жарияланды

Украинадағы билік толығымен ауысып, президент құзыреті уақытша Жоғарғы Рада спикері Александр Турчиновқа берілді. Көптен күткен күресте жеңіске жеткен оппозиция бүгін бірқатар өзгертулер енгізіп, оннан астам заңды да бірауыздан қабылдады. Олардың арасында орыс тілін ресми мәртебесінен айыру туралы құжат та бар. Ал із-түзсіз кеткен Виктор Януковичқа бүгін іздеу жарияланды.

  • 25 Ақпан 2014
  • 222
Фото - Caravan.kz


Ал Жоғарғы Рада Януковичті отставкаға жіберу жайлы шешім қабылдап, мерзімінен бұрын президент сайлауын мамыр айына белгіледі. Осы хабардан соң президент Киев маңындағы резиденциясынан тез арада көшіп кеткен. Бірнеше жүк көлігіне бағалы заттар мен жеке мүлкін тиеп жіберсе, отбасымен бірге өзі тікұшаққа отырып белгісіз жаққа із жасырып үлгерді. Бүгін оған және басқа бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды. Олар майдандағы азаматтарды жаппай өлтіру фактісі бойынша айыпталуда. Ал Севостополь қаласында Ресей туын көтеріп шыққан 30 мың адам соңғы өзгерістерге қарсылығын білдіріп жатыр. Олар Жоғарғы Раданың қабылдаған соңғы шешімдерінің бірде бірін мойындамайтынын айтып, ашық қарсылық білдіруде.