Виктория Нуланд: АҚШ Беларусьпен қарым-қатынасын түзеуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виктория Нуланд: АҚШ Беларусьпен қарым-қатынасын түзеуге дайын

Виктория Нуланд: АҚШ Беларусьпен қарым-қатынасын түзеуге дайын

 АҚШ Беларусь Республикасымен қарым-қатынасын жақсартуға дайын, бірақ ол елдің үкіметіне, әсіресе құқық қорғау саласына қатысты шағымдар мен қойылған талаптардан бас тартпайды,

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 258
Фото - Caravan.kz

деді Вашингтондағы Америка кәсіпкерлер институтында сөйлеген сөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысының салалық көмекшісі Виктория Нуланд. 

«Қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында Беларусь премьер-министрімен кездескенде мен оған Минск қаласын келісімдер символына айналдырып, ел үкіметінің көп игі іс жасағанын айттым», — деді ол.

«Біз Беларусь еліндегі құқық қорғау аһуалын жақсарту үшін одан да жылы әрі біріккен қарым-қатынастарға дайынбыз. Беларусь үкіметіне бірқатар нақты ойларымызды айттық. Енді ол жақта визаларды қайтадан өзара тиімді негізде бере бастадық», — деп жалғастырды Нуланд.

«Бірақ, барлығы басшылықтың қолында. Елін ашықтық пен демократияға бастар ниетке байланысты. Әрине, біз оған қолдау танытуға дайынбыз», — деп қорытындылады өз пікірін дипломат.