Өткен тәулікте 554 адамнан коронавирус табылса, тағы жиырма адам індеттен көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте Қазақстанда 554 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 68,
- Алматы қаласында – 38,
- Шымкент қаласында – 12,
- Ақмола облысында – 48,
- Ақтөбе облысында — 3,
- Алматы облысында — 23,
- Атырау облысында — 4,
- Шығыс Қазақстан облысында — 22,
- Жамбыл облысында — 2,
- Батыс Қазақстан облысында — 15,
- Қарағанды облысында — 95,
- Қостанай облысында — 70,
- Қызылорда облысында — 4,
- Маңғыстау облысында — 1,
- Павлодар облысында — 69,
- Солтүстік Қазақстан облысында — 74,
- Түркістан облысында — 6.
Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 979 484 адамға жетті.
Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан 15 пациент, вирустық пневмониядан 5 науқас қайтыс болды. Жалпы республика бойынша коронавирустан 12 852 адам, ковидтік пневмониядан 5 184 адам көз жұмды.
12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 145 пациент стационарда, 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
- 332 адамның жағдайы ауыр,
- 85 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 66 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.