Виталий Кличко Януковичті жекпе-жекке шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виталий Кличко Януковичті жекпе-жекке шақырды

Виталий Кличко Януковичті жекпе-жекке шақырды

Бокстан әлем чемпионының ашуын туғызған Украина президентінің Ресеймен бірқатар келісімге қол қою екен. Оған сәйкес, енді Киев газды төмен бағамен алмақ. Кремль сондай-ақ 15 млрд доллар қарызға бермекші. Бұл келісімді сатқындық деген Кличко енді кезектен тыс президент сайлауын өткізуді талап етуде.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 189
Фото - Caravan.kz


Виталий Кличко, «Удар»партиясының жетекшісі :

–Янукович дөңгелек үстел барысында сайлаудан қорықпаймын деп айтты. Сөзіне сенімді болса әділ күрес барысында мүмкіндігін көрсетсін. Мен оны жекпе-жекке шақырамын. Ол менің жеке қарсыласым, рингта кездесетін күніміз алыс емес.

Ал Путин мен Януковичтің кездесіп ұпайын түгендеп жүр. Оның қорытындысы бойынша Киев бірқатар жеңілдіктерге ие болды. Бірақ өздерінің неден құр қол қалатындығы ашық айтылмай отыр. Кеден Одағына мүше болуға қарсылық танытқан Украина оппозициясы мәскеулік несие ірі кәсіпорындарды кепілдікке алу арқылы берілгеніне сенімді. Ал бұл жаңалық майданда 10 мыңнан астам адамды қайта жинады. Евроинтеграцияны қолдайтын шара бір ай бойы тоқтамай келген болатын. Енді оппозияция мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізіп, Үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Қазір министрлер кабинетінің тарқауына небәрі 9 депутаттың қолы жетпей тұр, қалған 217 халық қалаулысы келісімін берген екен.