Watsapp арқылы таралған өсек тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Watsapp арқылы таралған өсек тұрғындарды шошытты

Watsapp арқылы таралған өсек тұрғындарды шошытты

Ал елімізде дәріге қатысты интернет арқылы жаппай таралған ақпар ата-аналарды шошытып отыр. Себебі ішсе баланы өлтіретін препараттар жайлы өсек таралып елдің есін алған. Осыған байланысты бүгін Денсаулық сақтау министрлігі мазасы кеткен тұрғындарды сабасына түсіріп арнайы мәлімдеме жасады.

  • 28 Ақпан 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

Бірнеше күннен бері белгісіз біреулер «балаларға арналған кейбір препараттар адам өміріне аса қауіпті. Ондай дәрілерді қабылдаған  бүлдіршіндер шетінен аллергиядан қайтыс болып жатыр» деп жазып,  Watsapp желісі арқылы жұртқа таратыпты. Яғни кішкентайлардың қызуын  түсіретін, жөтел мен ангинаны басатын антибиотик пен дәрілерді ішсеңдер өлетіндерін жазған. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты  жалған, қып-қызыл жала деп отыр. Тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура мен Ішкі Істер министрлігіне арыз жазып, елді шулатқандарды жауапқа тартылуын талап етуде.

Наталья Метелкина, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ,
Дәрілік заттардың пайдалануын бақылау басқармасының бас сарапшысы:

-Денсаулық сақтау министрлігі  препараттардың сапасына  үнемі мониторинг жүргізеді. Сондықтан ата-аналардың алаңдауына еш негіз жоқ.