WikiLeaks сайтына ақпарат беруші Брэдли Мэннинг 35 жылға түрмеге қамалатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WikiLeaks сайтына ақпарат беруші Брэдли Мэннинг 35 жылға түрмеге қамалатын болды

WikiLeaks сайтына ақпарат беруші Брэдли Мэннинг 35 жылға түрмеге қамалатын болды

АҚШ-та бұрынғы әскери қызметкер, атышулы WikiLeaks сайтына ақпарат беруші Брэдли Мэннинг 35 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады РБК.

  • 22 Тамыз 2013
  • 363
Фото - Caravan.kz

Ол 2010 жылы Иракта Джулиан Ассанджтың WikiLeaks әшкерелеуші жобасына 700 мың құпия хаттарды, соның ішінде АҚШ-тың Ирактағы армиясы әскери қызметкерлерінің қылмыстары жайлы ақпаратты таратқаны үшін ұсталған болатын.

Б.Мэннинг айыптаулардың 21 пунктінің 19-ы бойынша айыпты деп табылды, алайда ең маңызды пункт — жауға көмектесу бойынша ол ақталып шықты. Өйтпегенде ол өмір бойы бас бостандығынан айырылар еді.

АҚШ-тың әскери командованиесінің мәліметі бойынша, Мэннингтің әрекеттерінен келген залалдың мөлшері шамамен 6,2 млрд. долларды құрады.