Янукович Украинаны құтқару үшін оппозицияны кеңесуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Янукович Украинаны құтқару үшін оппозицияны кеңесуге шақырды

Янукович Украинаны құтқару үшін оппозицияны кеңесуге шақырды

Украина президенті Виктор Янукович оппозиция лидерлерін келіссөздер жүргізуге қайта шақырып оты

  • 19 Ақпан 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

«Өлгендерді тірілте алмаймыз. Билікке ұмтылғандардың пиғылы ауыр салмақ салып кетті. Одан әрі шырғалдаңға батпас үшін ес жиыңдар! Бас қосып ақылдасып, Украинаны құтқаруымыз керек. Келер ұрпақ еншісіне тиесілі мемлекетімізді талқандатсақ, кейін олар бізді кешірмейді», делінген В.Януковичтің сәрсенбіге қараған түні мемлекет басшысының сайтында жарияланған хабарламасында.

Президент кейбір кеңесшілері оны күш қолдануға итермелеуге тырысуда екенін мәлімдеді. «Мен қашан да күш қолдану қате әрекет деп есептеймін. Ең дұрыс амал — ортақ тіл табысып, ымыраға келу. Бұл жағдайда биліктің де, оппозицияның да жоғалтары барын, бірақ Украина жеңетінін үнемі қайталап келемін», — дейді В.Янукович.


Ол радикалды әрекеттерге бармауға шақырғанын, бірақ мұны құлаққа аспағанын атап көрсетті.

«Тағы қайталап айтамын. Құлақ асуға әлі кеш емес. Қақтығысты тоқтату әлі кеш емес», дейді ол.