"Үй шаруасымен байлағым келмейді, орамал тақпай-ақ қойсын": Жазира Байырбекова жас келіні туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.53
  • 543.73
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үй шаруасымен байлағым келмейді, орамал тақпай-ақ қойсын": Жазира Байырбекова жас келіні туралы

"Үй шаруасымен байлағым келмейді, орамал тақпай-ақ қойсын": Жазира Байырбекова жас келіні туралы

Әнші Жазира Байырбекова жаңа түскен келініне қандай талаптар қоятынын алғаш рет айтты.

  • 5 Мамыр
  • 5
Instagram/Жазира Байырбекова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы әнші «Шайдың қыздары» YouTube жобасында айтып берді.

«Өзімнің енем ауылға кеткеннен кейін, келінім: «Таңертең нешеде тұру керек?» дегенде, «Ұйқың қана берсін, тұрмай-ақ қойшы» дедім. Орамал басыңа тақпай-ақ қой, өйткені кіріп-шығып жүресің, Қазбекке, кәсіптеріне көмектесесің дедім.

Шашыңды жаңадан жуған болсаң, ол басылып қалады, қайтадан жуу керек болады, тақпай-ақ қойшы орамал дедім. Бірақ папасынан рұқсат сұрадым, орамал тақпаса бола ма деп. Папасы үндемеді.

Бірақ дастархан басында «енді орамал тақпай-ақ қойсын» десем, папасы жұқа орамалдар жоқ па?» дейді. Сонда орамал таққанын қалап тұр, бірақ меніңше баяғы заман емес, балалар өссін, дамысын деймін, үй шаруасымен байлағым келмейді десем, әпкелерім: «ең болмаса таңертең таңғы асыңды дайындасын, сосын жүре берсін» деп жатыр», — деді әнші.

Десе де оның бұл пікірін продюсер Гүлзира Айдарбекова қолдамады.

«Бастапқы келін болып түскен кезде, орамалмен әдемі көрінеді. Содан кейін, 2-3 балалы-шағалы болғаннан кейін, орамалын тастай ма, соған үйреніп қалғаннан кейін, намыстанып, өзі ыңғайсызданып тарта ма, оны өзі шешеді», — деді ол.