”Үлкен күтімді қажет етеді”: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің жағдайы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Үлкен күтімді қажет етеді”: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің жағдайы туралы айтты

”Үлкен күтімді қажет етеді”: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің жағдайы туралы айтты

Сәкен Майғазиев өзінің “Музарт” тобындағы әріптесі Кенжебек Жанәбілов туралы пікір білдірді.

  • 13 Тамыз
  • 1
Фото: видеодан скрин. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ақ Кенжештің хәлін сұрап, көңілін көтеріп қайттық. Екі күн бұрын қатты қысылып, приступ беріпті. Бүгін беті қарапты. Алайда, үлкен күтімді қажет етеді дейді мамандар. Бүкіл Қазақстанның жоғары дәрежелі кардиологтарымен консилиум жасап ортақ шешімге келу керектігін айтты. Бір сөзбен айтқанда, жеті рет өлшеп бір рет кесу керек дейді. Ота жасаса 3-4 ай сахнаға шықпай демалуына тура келеді дейді. Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қояйық”, — деді Сәкен Майғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, Кенжебек Жанәбілов жүрек-қан тамырларына қатысты мәселеге байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгінген еді.