Алғашында саусақтарымен көрсеткен сома болмағасын келімсектен «барыңды бер» деп қолқалап тұр. Кіріптар болған шетел азаматы үшін ымдау тәсілі үйреншікті құбылыс сияқты. Ал көші-қон полициясының басшысы Айғаным Ізмұханованың ол әдісті шебер меңгергені байқалады. Себебі ақшаны алған бойда жадырап сала берді. Қиын көрінген істі де ертеңнен қалдырмай шешетін болды. Келімсектің беріп кеткен аз-мұз теңгесін олжа көріп қалтасына сүңгіткені кадрлерде анық байқалып тұр. Қазір параны беруші де, алушы да тергеу абақтысына жабылды.