Ыстық Көл бағытындағы жол жабылды: Боом шатқалында тас көшкіні орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстық Көл бағытындағы жол жабылды: Боом шатқалында тас көшкіні орын алды

Ыстық Көл бағытындағы жол жабылды: Боом шатқалында тас көшкіні орын алды

Тас көшкінінің салдарынан жол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

  • 12 Тамыз 2015
  • 737
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай бүгін Бішкек-Торугарт бағытындағы жолдың 131 шақырыманда орын алған. Таудан түскен тастар жолды бөгеп тастаған, — деп хабарлайды Акипресс.

Жапа шеккендер, қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта ТЖҚ мен жол қозғалысының қызметкерлері жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жол қозғалысы кешкі сегізге дейін ашылуы мүмкін. 


Бұған дейін де осы жерде тас көшкіні жүрген болатын. Сол кезде де жолдың жабылғандығы айтылады.

Ескерте кетейік, Боом шатқалы Қырғызстанда Шу алқабы мен Ыстық Көл су қоймасын байланыстырады. Сонымен қатар, Ыстық Көлге апаратын жол болып табылады.

Соңғы жаңалықтар