Ыстықкөлде ТМД елдерінің халықаралық жастар форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлде ТМД елдерінің халықаралық жастар форумы өтеді

Ыстықкөлде ТМД елдерінің халықаралық жастар форумы өтеді

Бішкек. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ыстықкөл жағасында тамыздың 18 мен 23 аралығында ТМД елдерінің халықаралық жастар форумы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының жастар ісі жөніндегі департаментке сілтеме жасай отырып.

  • 15 Тамыз 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Форум жұмысына Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің депутаттық корпус пен жастар ұйымдарының жас өкілдері, жастар ісі жөніндегі орган өкілдері қатысады. Шараға сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жауапты министрліктер мен мекемелердің өкілдері, Қазақстанның «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының және Қырғызстанның «Ақ Жол» Халықтық партиясының жас депутаттары қатысады.

Жастар ісі жөніндегі департамент мәліметтеріне сүйенсек, форум жастар саясатындағы жұмыс тәжірибесі мен пікір алмасу, жастар арасындағы көкейкесті проблемаларды шешу жолдарын бірлесе іздестіру, басымдыққа ие болатын мәселелерді анықтау мақсатында жүргізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті