Жарияланды: 40

Ыстықкөлде жоғалған қазақстандықты іздеу тоқтатылды

Ыстықкөлде жоғалған қазақстандықты іздеу тоқтатылды

Ыстықкөл облысында жоғалған 29 жастағы қазақстандық азаматшаны іздеу тоқтатылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Sputnik Қырғызстан іздеуді тоқтату ата-аналардың өтініші екенін айтады.

Еске салайық, 29 жастағы қазақстандық азаматша 15 шілдеде жоғалып кетті.

«Оның жақындары – 5 адам Қаракөл-Алакөл жайылымына көпір арқылы өтіп, отын алуға аттанады. Ал ол жағалаудың екінші бетінде қалған. Қыздың қазақстандық азаматтығы бар, бірақ оның отбасы Ресейден келді», - деп атап өтті ТЖМ.

Жоғалған қызды іздеуге 100-ден астам полиция және ТЖМ қызметкері қатысты. Олар 20 шақырымнан астам аумақты тексерді.

«Іздеуді тоқтату туралы өтініш жоғалған қыздың ата-анасы тарапынан келді. Себебі, қыздың жақындары құтқарушылар сияқты жоғалған адамды тірі күйінде табу мүмкін еместігін түсініп отыр. Азаматша орманда адасып кетті деген үміт болды, бірақ ол үмітіміз арада уақыт өткен соң өшті», - деп нақтылады құтқарушылар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін