ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасының тізімі жаңартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасының тізімі жаңартылды

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасының тізімі жаңартылды

Француздық Шампань мен Бургундия тарихи аумақтары ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енді.

  • 6 Шiлде 2015
  • 468
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешім Боннда өтіп жатқан 1972 жылы қабылданған Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы ЮНЕСКО Конвенциясының негізгі органы-Бүкіләлемдік мұра комитетінің сессиясында қабылданды, деп хабарлады ТАСС.

Шампань «жанды мәдени ландшафт» дәрежесіне ілікті — тізімге оның пейзажы, әсем үйлері, ішіне шараптар қойылған жартаста ойылған жертөлелері енді. ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізімінің «мәдени ландшафт» дәрежесіне Бургундия жүзім алқабын да енгізді. Мұндағы жүзімнен әлемге әйгілі шараптар әзірленеді.