Жарияланды: 440

ЮНИДО делегациясының елімізге алғашқы сапары 22-25 қыркүйекке межеленген

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 22-24 қыркүйекте Астана және 25 қыркүйекте Алматы қалаларына ЮНИДО-ның бас директорының орынбасары Йошитеру Урамото мен басқарма директоры, Еуропа және жаңа индустриалды елдер бойынша бағдарламаның жетекшісі Г.Доночика Қазақстанның техникалық ынтымақтастық бағдарламасының нығайту мақсатында келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми

өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі. ЮНИДО делегациясының елімізге алғашқы сапары Қазақстанмен халықаралық ұйым арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуына зор үлес қосады деген сенім бар. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін