Жарияланды: 50

ЮНИСЕФ: Қазақстан бала құқықтарын қорғау бойынша халықаралық деңгейде көш бастап келеді

ЮНИСЕФ: Қазақстан бала құқықтарын қорғау бойынша халықаралық деңгейде көш бастап келеді

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың жағдайын жақсарту бағытында едәуір ілгерілеу байқалады, сондай-ақ еліміз бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде жетекші орынға ие.

Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифинг барысында БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің орынбасары Вероника Ващенко мәлімдеді.

1994 жылы Қазақстан балаларға мейірімді қоғам құрудың құралына айналған Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. Дәл сол кезде ЮНИСЕФ Қазақстанда өз кеңсесін ашқан болатын. Конвенция ратификацияланған сәттен бастап Қазақстан елдегі балалардың жағдайын жақсарту барысында едәуір ілгерілеу танытып, өңірлік және халықаралық деңгейде бала құқықтарын қорғау бойынша көшбасшыларының біріне айналды, – деп атап өтті БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің орынбасары Вероника Ващенко.

Ващенко Мемлекет басшысы балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге баса назар аударды. Бұл өте маңызды, – деді ЮНИСЕФ өкілі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі үйлестіруші және бейінді ведомства ретінде балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді түрде жүргізіп отыр.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап барлық өңірде «Балалар құқықтары жөніндегі жергілікті уәкіл» қызметі енгізілді. Бұл институт өз тиімділігін дәлелдеді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша орталықтың аймақтарымен өзара әрекеттестігін күшейтті, – деп атап өтті Бибігүл Асылова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін