Зайсанда ескі снаряд табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зайсанда ескі снаряд табылды

Зайсанда ескі снаряд табылды

Зайсан ауданының тұрғыны Айнабұлақ селолық округінің аумағында тапқан заты ескі миномет  оғы (снаряды) болып шықты.

  • 13 Шiлде 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

Арнайы тексеріс жүргізілгеннен кейін белгісіз зат ескі минометтің оғы екені анықталды. Оның диаметрі 7,5 см, ұзындығы 33 см.

Зайсан аудандық төтенше жағдайлар, полиция, әскери бөлім және атқарушы билік мамандары снарядты жару арқылы жою шешімін қабылдады.  Бұл шараға 10 маман мен 5 техника жұмылдырылды.

Өткен жексенбі күні күндіз снаряд жойылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.