Зейнетақы алушылар Қазпошта бөлімшелерінде жеңілдетілген несие рәсімдей алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы алушылар Қазпошта бөлімшелерінде жеңілдетілген несие рәсімдей алады

Зейнетақы алушылар Қазпошта бөлімшелерінде жеңілдетілген несие рәсімдей алады

«Қазпошта» АҚ еліміздегі компанияның барлық бөлімшелерінде «Сенім» қызметі бойынша зейнетақы алушылардың несие рәсімдеу мүмкіндіктері туралы хабарлайды.

  • 13 Маусым 2016
  • 506
Фото - Caravan.kz

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сенім» қызметтері аясында зейнетақы және жәрдемақы аударуға арналған  ағымдағы немесе карточкалық есеп-шот ашқан әрбір жаңа клиентке не бары бір жыл бойында коммуналдық төлемдерді комиссиясыз төлеу мүмкіндігі берілген.

Бұл қызметтің негізгі артықшылығы — карточкалық немесе ағымдағы есеп-шотқа ақшалай қаражаттар түскен кезде немесе алынған кезде SMS-хабарламалар таратылады. POS-терминалдар және «Қазпошта» АҚ мен «Қазкомбанк» банкоматтар жүйесі арқылы ақшалай қаражаттарды алу қандайда бір комссиясыз жүзеге асырылады. Алғашқы бес ай ішінде зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу үшін «Сенім» қызметін 100 мың қазақстандықтар таңдаған»,- деп мәлімдейді «Қазпошта» АҚ.

Ендігі кезекте «Сенім» қызметі бойынша зейнетақы алушылар еліміздегі Қазпошта бөлімшелерінде Хоум несие банкінен 1 миллион теңгеге дейінгі сомада жеңілдікпен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болып отыр.


Бұдан басқа, осы қызмет төлем карталары мен пин конверттерді тегін шығару және клиенттердің үйіне жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, зейнетақылар мен жәрдемақылар міндетті санаттағы азаматтардың (ҰОС мүгедектері мен қатысушылардың, 1 және 2 топтағы мүгедектердің, 80 жастан үлкен тұлғалардың, дәрігерлердің қорытындысы бойынша ауыратын адамдардың) үйіне тегін жеткізіледі және барлық жеке тұлғаларға әрбір жеткізілім 200 теңге болатын қолжетімді тариф бойынша жеткізіліп беріледі.

Соңғы жаңалықтар