Зейнетақы туралы жаңа заң жалақыға әсер етпейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы туралы жаңа заң жалақыға әсер етпейтін болды

Зейнетақы туралы жаңа заң жалақыға әсер етпейтін болды

Бүгін  Мәжіліс үлкен талас тудырған «Зейнетақымен қамту» туралы құжатты   екінші оқылымда да бекітті. Енді 3 жылдан соң жұмыс берушілер бірыңғай жинақтаушы қорына әр қызметкері үшін 5 пайыз салымын аударуға заңмен міндеттеліп отыр.

  • 2 Шiлде 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz

Десек те, шенеуніктер бұл өзгерістен  жалақы азаймайды деп уәде етті. Жұмыс берушілер сол 5 пайызды еңбекақыдан жыратын болса, ірі көлемде айыппұл салынбақ. Бір анығы — 2018 жылдан бастап зейнетақыға үш тарап: мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың өзі жауапты. Бұл барлық Еуропа  елдерінде бар тәжірбие. Әдеттегі 10 пайызға тағы 5 пайыз қосылған салым қарттықтың қамсыз өтуіне тиімді болмақ. Бұл заң қабылданбаған жағдайда  бюджеттің түсімі 64 миллиард теңгеге азаятынын да айта кетейік.