Зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді - БЖЗҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді - БЖЗҚ

Зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді - БЖЗҚ

Бүгін Алматыда өткен брифинг барысында БЖЗҚ басқарма  мүшелері зейнетақы жарналары туралы баяндады.

  • 22 Мамыр 2017
  • 289
Фото - Caravan.kz

«Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген» деп сендірді БЖЗҚ басшылары.

«Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы модельге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі», — деді Басқарма төрайымы Сәуле Егеубаева.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

С.Егеубаеваның айтуынша, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар, мүгедектер, Қазақстаннан кетіп жатқан шетелдіктер алуға құқылы. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда бұл төлем ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте мұрагерге төленеді.


Қаржы министрлігінің деректері бойынша мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдікті міндеттемелер 2016 жылы 11 млрд 615 млн. теңге болса, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2 млрд 589 млн. теңгені құрады.  

 

Соңғы жаңалықтар